
ТЖ министрінің қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізу туралы тапсырмасына сәйкес, ТЖМ және ТЖД жедел тобы тұрғындармен онлайн - кездесулерден басқа, үйлерді аралап, пәтер иелерімен сақтық шаралары туралы әңгімелеседі.
Үгіт жұмыстары алматылықтар үйде болған кезде, демалыс күндері де жалғасады.
Тәжірибе көрсеткендей, жердің ауытқуымен халық дүрбелеңге бой алдырады, көпқабатты үйлердің тұрғындары қалай әрекет ету керектігін білмейді.
«Бұл жағдайда біз көпқабатты үйлердің тұрғындарына көбірек көңіл бөлеміз: қалай эвакуациялау керек, өзін қалай ұстау керек, қандай шаралар қабылдау керек», - дейді ТЖ министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Рустамбек Амрин.
«Жексенбі күні біздің жұмыс тобымыз Әуезов, Бостандық, Наурызбай аудандарының ірі тұрғын үй кешендерін аралап шықты, пәтер иелері ашқысы келмейтін мәселеге тап болды. Мысалы, Наурызбай ауданының «Премьера» тұрғын үй кешенінің бір ғана кіреберісінде 90 пәтер бар, оның ішінде біз 35 пәтердің иелерімен әңгімелестік, қалғандарында – тұрғындар үйде болған жоқ немесе есік ашқан жоқ», - деп ТЖМ қызметкері бөлісті.
Алматы қаласы ТЖД бастығы Атығаев Нұрлан - эвакуациялау жолдары бітелген жағдайлар бар. Осыған байланысты біз де түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Сонымен қатар, қайта жоспарлау жүргізілген пәтерлер бар. Өкінішке орай, біз қазір салынып жатқан жаңа ғимараттар мен көпқабатты үйлердің жобаларына араласа алмаймыз. Осыған қарамастан, бізге тұрғындардан құрылыс ережелерінің нормалары сақталмайтындығы туралы көптеген өтініштер келіп түседі.
Мамандардың айтуынша, көпқабатты үйлердегі қауіпсіздік тек мемлекеттік органдарға ғана емес, барлық қажетті ережелерді сақтауға тиіс тұрғындардың өздеріне де байланысты.
Халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. Естеріңізге сала кетейік, Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Ариновтың өкімімен ТЖМ жедел тобы мегаполис тұрғындары арасында ауқымды үгіт - насихат жұмыстарын бастады.
Мақсаты-халықтың экстремалды жағдайлардағы іс-әрекеттерге дайындық деңгейін арттыру, жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-әрекеттер туралы ақпаратты жеткізу үшін азаматтарды барынша қамту, халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру.