25 ақпанда 13 сағат 15 минутта Алматы облысы ТЖД Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық ауылында Мыңбаев көшесі бойында жеке тұрғын үйде қатты отынмен пешті пайдалану ережелерін бұзғандықтан (пештің ақауы) көміртегі тотығымен уланып, ауруханаға жатқызылғандығы туралы хабарлама келіп түсті
Еңбекшіқазақ ОАА
Үй йесі 1974 жылы туған (жағдайы ауыр) және оның 2009 және 2010 жылы туған қыздары көміртегі тотығымен уланған (екеуінде де орташа ауырлық дәрежесі бар).
Оқиға орнына Алматы облысы ТЖ департаментінің қызметкерлері мен техниктері барды.
Алматы облысының ТЖД азаматтарды қатты отынмен жағылатын пешті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі