Алматы облысы аумағының сауда кешендерінде «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өткізілді

Алматы облысы аумағының сауда кешендерінде  «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы өткізілді

Сауда орталықтары немесе ойын-сауық кешендері өздерінің сипаттамаларына сәйкес қоғамдық ғимараттарға жатады. Бұл олардың жұмысы әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтардағы келушілердің тұрақты ағынымен, сауда және ойын-сауық аймақтарының болуымен байланысты дегенді білдіреді. Адамдар көп жиналатын басқа нысандар сияқты, бұл нысандар үшін өрт қаупі жоғары.

Біріншіден, бұл жанғыш тауарлық құндылықтардың үлкен көлеміне, екіншіден, өртке қарсы режим бұзылған жағдайда эвакуациялаудың күрделілігіне байланысты – эвакуациялық есіктердің жабылуы, өткелдердің бітелуі, қызметкерлердің дұрыс емес әрекеттері.

Алматы облысының аумағында барлығы 49 ірі сауда кәсіпорны орналасқан, оның ішінде 2 сауда-ойын-сауық орталығы, 30 сауда үйі және 17 әмбебап базар.

Осы объектілерде өрттерді болдырмау мақсатында «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы шеңберінде ағымдағы жылдың 15-23 ақпан аралығында Алматы облысының аумағында жергілікті атқарушы органдармен, "Атамекен" ҰКП, еріктілер ұйымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп осы санаттағы объектілерде профилактикалық іс-шаралар өткізілді.

Осы акция аясында сауда объектілерінің иелерімен 31 кездесу, объектілерді жалға алушылармен 49 кездесу ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша сауда павильондары мен үй-жайларды 628 жалға алушымен ақпараттандырылып, нұсқаулықтар өткізілді, барлық қатысушыларға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар, өрт туындаған кезде жедел ден қою мақсатында 21 жедел жоспар мен 9 өрт сөндіру карточкасына түзету жүргізілді, сондай-ақ Алматы облысының ірі сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінде 6 өрт-тактикалық сабақ өткізілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі