Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар өтті

Жетісу облысында сейсмикалық жаттығулар өтті

Төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және халық арасында ықтимал шығындарды барынша азайту мақсатында, 2024 жылғы 23 ақпанда Жетісу облысының аумағында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментімен және жергілікті атқарушы органдармен жалпы облыстық сейсмикалық жаттығулар өткізілді.

Облыс әкімі – азаматтық қорғаныс бастығының нұсқауы бойынша облыс аумағында «Баршаның назарына!» сигналын бере отырып, дабыл және дабыл-сөйлеу қондырғыларын іске қосып хабарландыру жүйесі қосылды. Сондай-ақ, жер сілкінісі кезіндегі халықтың іс-әрекеттерін түсіндіре отырып, теле және радиоэфирлер ұсталды.

Іс-шараларды өткізу барысында қауіпсіз жерлерге эвакуациялау және жер сілкінісі кезіндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар бойынша практикалық дағдыларды пысықтай отырып, халықты оқыту бойынша сабақтар өткізілгенін атап өткен жөн.

 

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі