
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні қаупі жағдайына байланысты «Қазселденқорғау» ШҚ филиалы мен ШҚО ТЖД мамандары қар көшкіндердің алдын алу шараларын жүргізуде. Бүгін «Өскемен-Таулы Үлбі – Северное» автожолында 30-37 километрде жарылыс жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 3100 текше метр қар түсірілді.
«Алдын алу іс-шаралары төтенше жағдайлардың туындауын болдырмауға және күн сайын көптеген автотехника өтетін автожолды қорғауға бағытталған. Қар көшкіні жинақталатын жерлерде қар көп жиналды. Әзірге облыста қар көшкіні қаупі сақталуда. Жақын күндері қауіпті беткейлерде профилактикалық жұмыстарды жалғастырамыз», - деді Қазселденқорғау ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
ШҚО ТЖД құтқарушылары мен «Қазселденқорғау» ШҚ филиалының мамандары экстремалды спорт түрлерінің әуесқойларына тауға барудан бас тартуды, тұрғындарға аймақтағы қар көшкіні қаупі бар учаскелерде өте сақ болуды ұсынады.
Еске салайық, Катонқарағай ауданында қар көшкінінің түсу қаупіне байланысты «Берел–Рахман қайнары» учаскесінде «Өскемен - Рахман қайнары» автожолы күн сайын түнгі уақытта жабылады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі