
Халықты түрлі төтенше жағдайларға, оның ішінде ықтимал жер сілкіністеріне дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 23 ақпанында, Маңғыстау облысы аумағында жалпыға бірдей сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
Осы жаттығуға облыста орналасқан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар қатысты, соның ішінде білім беру ұйымдарына Департаменттің қызметкерлері кірістірілді. Жаттығу кезінде облыс аумағында «Баршаның назарына!» ескерту сигналы қосылды.
Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметі