Әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар бойынша семинарда ТЖМ қызметкерлері табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі мен туындауы кезіндегі іс-қимылдарды үйретті

Әскери журналистика және дағдарыстық коммуникациялар бойынша семинарда ТЖМ қызметкерлері табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі мен туындауы кезіндегі іс-қимылдарды үйретті

ҚР Ұлттық қорғаныс университетінде мемлекеттік органдар баспасөз қызметтерінің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен оқу-әдістемелік семинар өтті. 

Семинар барысында ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының төтенше жағдайларды қорғау кафедрасының аға оқытушысы капитан Марлен Бақтияр ТЖ қаупі мен туындауы кезінде халықты ақпараттандыру тәсілдері туралы айтып берді. Сонымен қатар табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ қаупі мен туындауы кезіндегі халықтың іс-әрекеттерін түсіндірді. Оқу барысында көрнекі материалдар қолданылды.

Семинардың спикері ретінде Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілдері де сөз сөйледі.

Сондай-ақ, журналистің әскери қақтығыс аймағындағы қызметінің ерекшелігі және дағдарыс жағдайларында коммуникацияларды құру, төтенше жағдайлар мен соғыс қимылдары аймағында жұмыс істеу кезіндегі журналистердің қауіпсіздігі мен мінез-құлқы ережелері, терроризмге Ақпараттық қарсы іс-қимылдағы БАҚ-тың рөлі талқыланды. 

Сондай-ақ, әскери журналист қызметінің ерекшелігі және дағдарыс жағдайында коммуникация жасау, төтенше жағдайлар мен соғыс қимылдары аймағында жұмыс істеген кезде журналистердің қауіпсіздігі мен өзін-өзі ұстауы, терроризмге қарсы ақпараттық әрекеттегі БАҚ-тың рөлі талқыланды.

Іс-шараны ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі