Қостанай облысындағы «Қауіпсіз сауда» акциясы

Қостанай облысындағы «Қауіпсіз сауда» акциясы

«Қостанай Плаза» сауда ойын-сауық орталығында кәсіпкерлер мен келушілерге сауда нысандарындағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері таныстырылды. Қостанайлықтар өрттердің және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары туралы халықты хабардар ету мақсатында ұйымдастырылған «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясының белсенді қатысушылары болды.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым дүкендердегі өрттер үлкен шығынға әкеліп соқтыратынын, оның ішінде тауарлардың, үй-жайлардың қирауы және басқа да келеңсіз салдарлар әкелетінін атап өтті.

Акция аясында құтқарушылар өрт қауіпсіздігі туралы әңгіме өткізіп қана қоймай, Қостанай тұрғындарына өзін құтқару қызметінің мүшелері ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Құтқарушылардың жауынгерлік формасын киіп көргісі келгендердің барлығы өрт сөндіргішті және мамандар күнделікті қызметінде қолданатын кәсіби құралдарды пайдалану бойынша білімдерін көрсетті.
          Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар тәртібі туралы халықтың біліктілігін арттыру үшін өткізілетін іс-шаралардың маңызы зор.
Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері айтқан ережелері мен берген білімі бойынша облыс тұрғындары қажетті тәжірибе алды деген ойдамыз.  Әр азамат өз өмірін сақтап қалуға және оқыс оқиғалардың салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

 

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі