Елордада «Қауіпсіз сауда» акциясы жүргізілуде

Елордада «Қауіпсіз сауда» акциясы жүргізілуде

Жыл басынан бері елордада 134 өрт тіркелген, оның ішінде бақылауда тұрған объектілерде 19 өрт, сауда үйлерінде 4 өрт орын алды. «Қауіпсіз сауда» акциясы аясында қазіргі таңда 20 дан астам ойын-сауық орталықтарында өрт-тактикалық жаттығулары, профилактикалық жұмыстар өткізілуде.

23 ақпанда акция шеңберінде «Keruen» сауда-ойын сауық кешенінде өрт тактикалық жаттығу өткізілді. Өрт-тактикалық жаттығудың шарты бойынша орталықтың екінші қабатындағы бутиктердің бірінен өрт шықты. Өрт сөндірушілер шақыртудың жоғары рангы бойынша келіп, оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылады. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт бір сағатқа жетпей жойылды.

Осындай оқу-жаттығулардың мақсаты: сауда-ойын-сауық кешенінің қызметкерлерімен өрт болған жағдайда өзара әрекеттесу іс-қимылдары пысықтау, өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстары және Астана қаласы өрт сөндіру гарнизонның жеке құрамының өрт сөндіру кезінде іс-қимылдарын  жетілдіру болып табылады.

Өрт тактикалық жаттығуға Астана қаласы ТЖД  жеке құрамның 30 адамы мен 5 бірлік техникасы жұмылдырылды.

 

Астана қаласы ТЖД баспасөз қызметі