ШҚО ТЖД құтқарушылары донорлық акцияға қатысты

ШҚО ТЖД құтқарушылары донорлық акцияға қатысты

ШҚО ТЖД-нің құтқарушысы облыстық қан орталығы ұйымдастырылған донорлық акцияға қатысты. Акция басқа адамдардың сауығуына мүмкіндік беруге дайындарды жинады.

ТЖ қызметі құтқарушылары үшін бұл жылсайынғы дәстүрге айналды. Олар қан құрамын құюға мұқтаж, ауру жандарға шын көңілімен дайын.

«Статистика бойынша, әрбір үшінші адам өмір бойы қан құюға мұқтаж. Мен өзімнің 450 миллилитр қанымды сыйға тартып, ауырған және зардап шеккендерге көмектескім келеді, сондықтан құтқарушылардың қатысуы өте маңызды деп санаймын. Донор-бұл өмір сыйлайтын адам. Мүмкіндігі барлардың бәрін көмек көрсетіп акцияға қатысуға шақырамын», - деп мәлімдеді Өскемен қаласының № 6 өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары Дәурен Сүйінбаев.

Құтқарушылар арасындағы кейбір қан тапсырушылар жыл сайын, басқалары бірінші рет тапсырады, алайда олар Облыстық қан орталығы ШЖҚ КМК мамандарының ұсынысына сәйкес, бұған аса жауапкершілікпен дайындалады.

«Бұл акцияға үнемі қатысамын, біздің жұмыс азаматтарға қиын кезде көмек қолын созумен тығыз байланысты», - Өскемен қаласының №7 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Гамзат Бекбосынов. Құтқарушылар барлығы 11 литр қан тапсырды.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі