ТЖМ Білім министрлігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

ТЖМ Білім министрлігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Төтенше жағдайлар вице-министрі генерал-майор Бауыржан Сыздықов және Білім вице-министр Еділ Оспан өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Ынтымақтастықтың мақсаты тараптардың бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру мәселелері бойынша мыналарға бағытталған салаларда жәрдемдесу болып табылады:

- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимыл дағдыларын оқыту арқылы қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру;

- қосымша білім беру жүйесінде төтенше жағдайлар саласындағы білімді насихаттау;

- төтенше жағдайлардың, оның ішінде су объектілеріндегі қауіпсіздіктің алдын алу және жою бойынша балалардың іс-әрекет дағдыларын оқытуға қамтылуын арттыру.

Бұл өскелең ұрпақтың қауіпсіздігін нығайту, өмірі мен денсаулығын қорғау жолындағы халық арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететін кезекті қадам.

 

 ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті