СҚО елді мекендеріндегі рейдтер: халыққа-су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы!

СҚО елді мекендеріндегі рейдтер: халыққа-су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы!

СҚО ТЖД жеке құрамы көктемгі су тасқыны кезінде су тасқыны болуы мүмкін аймақтағы елді мекендерінің аулалары бойынша тұрақты рейдтер жүргізеді.

Ақпан айынан бастап ТЖД қызметкерлері мен жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері арасынан еріктілер 74 рейд өткізіп, су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, ықтимал ТЖ-дағы іс-қимылдарды көрсете отырып жадынамалар табыс етті.

Рейдке қатысушылар ауладан және оған іргелес аумақтардан қар тазалау қажеттігін еске салды. Жергілікті атқарушы органдар көшелерді тазалауды және қарды елді мекендерден тыс жерлерге шығаруды ұйымдастырады. Елді мекендерден 717 мың м3 астам қар шығарылды.

 

СҚО ТЖ департаментінің

қоғаммен байланыс тобы