
Сауда-ойын-сауық орталықтарындағы, сауда үйлеріндегі және базарлардағы өрттер кең қоғамдық резонанс тудырады, үлкен материалдық шығынға және басқа да ауыр зардаптарға әкеледі.
Мұндай объектілердің өрт қаупі өрт жүктемесінің көп болуымен сипатталады (ауқымдылығы, адамдардың көп жиналуы, тауар қорлары, жану кезінде улы әсер ететін және үй жайлардың түтіндеуін арттыратын полимерлік және синтетикалық материалдар және т. б.).
Осыған байланысты, осындай жағдайларға жол бермеу мақсатында Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментімен сауда-ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлері мен базарларда өрт қауіпсіздігіне бағытталған "Қауіпсіз сауда" Республикалық профилактикалық акциясын өткізуде.
Мәселен, бүгін ағымдағы жылдың 21 ақпан күні "Хабиби" сауда үйінде өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілді.
Бұл оқу-жаттығудың мақсаты, өрт кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтау, өрттің алдын алу, адамдардың қаза табуы, адамдарды эвакуациялау және басқа органдардың өзара іс-қимылы болып табылады.
Көбінесе мұндай сауда үйлерінде өрттің негізгі себептері "өрт туралы уақтылы хабарлау", "эвакуациялық жолдарды бітеп тастау", "өрт дабылының дұрыс істемеуі" және негізінен өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтамайды.
Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі