
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің бөлмесіне Тараз қаласында орнатылған жалпы бейнебақылау камераларын шығару бойынша жұмыс жүргізілді. Жұмыс нәтижелері бойынша қала шегінде және жақын маңдағы елді мекендерде 1250 камераға шығару қамтамасыз етілді, сондай-ақ 3 километрге дейінгі жақындату функциясы бар.
Қаладағы өрттерді ерте анықтау және жағдайды мониторингілеу процесін цифрландыру Департаменттің басым міндеті болып табылады, осыған байланысты қазір орман алқаптарында камералар орнату және қаланы толық қамту үшін биік ғимараттарда камераларды одан әрі ұлғайту мәселесі пысықталуда.
Айта кету керек, бейнебақылау камераларының болуы, қала аумағында өрттер мен жануларды тез және уақтылы сөндіру үшін қажетті күштер мен құралдарды жолдау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекелдерді нақтылауға мүмкіндігін береді.
Жамбыл облысы ТЖД Баспасөз қызметы