
22 ақпандағы жағдай бойынша су деңгейі 477 см құрады, өзенде мұз қатып тұр, елді мекендерге қауіп жоқ. Іле өзеніне ең жақын елді мекен Шарын ауылы 15 км қашықтықта орналасқан.ТЖД жедел тобы ҰҰА (дрон) пайдалана отырып, көзбен шолып тексеру жүргізгеннен кейін өзен арнасының осы учаскесінде мұздың түзілгені анықталды (анықтама: осы учаскеде мұздың түзілуі жыл сайын қалыптасады). Су тасқыны мен судың арнасынан шығуы байқалмайды. Елді мекендерге, құрылыстарға және шаруашылық құрылыстарға қауіп жоқ.
Жағдай бақылауда, тәулік бойы мониторинг жалғасуда.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі