Біздің басты мақсатымыз – адамдарды құтқару және зардап шекпеу

Біздің басты мақсатымыз – адамдарды құтқару және зардап шекпеу

Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылында өрт кезінде құтқарушы Ерлан Жұмажан өз өмірін қатерге тігіп, өрттен газ баллонын алып шықты.

Оқиға 12 ақпан күні Көкпекті ауылында болды. Жеке үйлердің бірі өртеніп, жалын жүз шаршы метр аумақты шарпыған. Ерлан Жұмажан басын қатерге тігіп, газ баллонын өрттен алып шықты. Жігіттің айтуынша, оның орнында кез келген құтқарушы осылай әрекет етер еді. Өртті сөндіруге барлығы 13 адам мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.

«Өрт сөндіру басшысы барлық бағытты бақылап, бізге нұсқау берді. Ішінде адам болмағаны туралы ақпарат түскенімен, газ баллоны болған. Түтіннен ештеңе көрінбеді. Осыған қарамастан қауіпті нысанды алып шықтым. Біздің басты мақсатымыз – адамдарды құтқару және зардап шеккендердің алдын алу», -  дейді No6 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Ерлан Жұмажан.

Ерлан осы салада 7 жылдан бері еңбек етіп келеді. Бүгінде жауапты мамандардың бірі.

Сондай-ақ Ерлан Жұмажанға өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін ТЖД бастығының алғыс хаты табыс етілді.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі