
2024 жылғы 19 ақпан күні «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы аясында Жылыой ауданы, Құлсары қаласынадағы «Беркад» орталық базары, «Ақтан» сауда үйі, «Шаңырақ» ойын-сауық кешені объектілерінде өрт-тактикалық сабақтар өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – сауда, ойын-сауық объектілеріндегі өрт сөндіру қызметінің шартты өртті сөндіру кезіндегі жауынгерлік дайындығын пысықтау, нысанның тактикалық жағдайымен, конструкциялық ерекшеліктерімен танысу.
Өрт-тактикалық сабақ соңында сауда, ойын-сауық нысандарындағы өрт болған жағдайда персоналдың іс-әрекеті, алғашқы өрт сөндіру құралдарын дұрыс пайдалану тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Өрт-тактикалық сабақты өткізудің барлық кезеңдерінде жоспарланған барлық іс-шаралар толық көлемде орындалды.
Атырау облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы