
ТЖМ бөлімшелері өрт қауіпсіздігі бойынша алдын алу іс-шараларын үздіксіз жүргізуде, соның арқасында өрт саны мен олардағы адам өлімінің азаюына қол жеткізілді.
Жыл басынан бері елде 1270 өрт тіркелді, өткен жылмен салыстырғанда өрттер саны 11% - ға азайды. 2023 жылдың осы кезеңінде 1432 өрт болды.
Сондай-ақ өртте адам өлімінің саны азайды. Биыл өрт кезінде 49 адам, өткен жылы 75 адам қаза тапты.
ТЖМ бөлімшелері өртте 800-ден астам адамды құтқарып, эвакуациялады.
Өрттердің ең көп саны, бұрынғыдай, тұрғын үй секторында тіркеледі. Олардың алдын алу үшін барлық жерде профилактикалық аулаларды аралау, нұсқаулықтар, әңгімелер және т.б. жүргізіледі. Жылыту маусымы басталғаннан бері 2 млн-нан астам үй аулалық аралаумен қамтылып, 4 млн-нан астам азаматқа нұсқау берілді.
ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі шараларын қатан сақтауға шақырады:
- сөндірілмеген сіріңкелерді, темекілерді және басқа да от көздерін қалдырмаңыз;
- жоғары қуатты құрылғыларды бір уақытта қосып, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз;
- тек жұмыс істейтін пештер мен электр құрылғыларын пайдаланыңыз;
- электр сымдарын уақтылы тексеріп, жөндеңіз;
- балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті