
Жылыту кезеңі басталғаннан бері Түркістан облысының аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты 83 өрт болды.
Осыған байланысты, Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлерімен, еріктілермен өрт қауіпсіздігі саласындағы үгіт-профилактикалық жұмысын күшейтті.
Өрт пен адам өліміне жол бермеу мақсатында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шараларын өткізуде.
Рейдтердің негізгі мақсаты - ТЖД қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға. Электр желілерін жүктеуде, электр құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбауға шақыру.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі