Төтенше жағдайлар министрі Чингис Ариновтың баяндауынша:
Бүгінде республикада су тасқыны жағдайы тұрақты.
Бұл ретте ведомство жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша қажетті іс-шаралар кешенін өткізді.
Атап айтқанда, «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде басқару органдарының күштері мен құралдарының нақты дайындығы тексерілді.
Халықты құлақтандыру пысықталды, зардап шеккен азаматтарды жинау пункттері дайындалды.
Бұдан бөлек, елді мекендерде уақытша бөгендер салу және үйемелеу (114 км), арықтарды, каналдарды (1 904 км), сондай-ақ авто және темір жолдардағы су өткізу құрылыстарын тазарту (5 002 дана) нақты түрде жүзеге асырылды.
Елді мекендерден 10,5 млн текше метрден астам қар шығарылды.
https://t.me/KZgovernment