Өрттің алдын алу бойынша ел тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Бүгінгі таңда ТЖМ бөлімшелерімен 2 млн-нан астам үй профилактикалық жұмыспен қамтылды, оның барысында 4 млн-нан көп азаматқа нұсқау берілді. Профилактикалық іс-шаралар еріктілерді тарта отырып жүргізіледі.
Жылыту маусымы басталғанға дейін халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне комиссиялық тексеру жүргізілді.
Алайда, жылыту кезеңі басталғаннан бері тұрғын секторда 2400-ден астам өрт тіркелді, 108 адам қаза тапты.
Тұрғын үйлердегі өрттердің негізгі себептері отты абайсыз қолдану, жылыту жабдықтары мен электр аспаптары мен желілерін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу болып табылады.
ТЖМ азаматтарды жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:
- электр желілері мен аспаптардың жарамдылығын қадағалаңыз;
- тек жұмыс істейтін жылыту және электр жабдықтарын пайдаланыңыз;
- бір уақытта бірнеше жоғары қуатты құрылғыларды қоспаңыз, электр желісін шамадан тыс жүктемеңіз;
- мұржаларды кем дегенде үш айда бір рет күйеден тазалаңыз;
- пешті қатты қыздырмаңыз және жарықтарды уақытында жөндеңіз;
- пештін үстінде және оның жанында үй заттарын кептірмеңіз;
- сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз;
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз, балаларға пеш жағуға рұқсат бермеңіз немесе сенбеңіз.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті