Ақмола облысында көміртегі тотығы датчигі 8 адамның өмірін құтқарды

Ақмола облысында көміртегі тотығы датчигі 8 адамның өмірін құтқарды

Макинск қаласында көміртегі тотығының концентрациясын ерте анықтайтын дербес датчик іске қосылды.

Анасы 7 баласымен, үйде барлығы 8 адам болған. Сенсордың қатты дыбысы көміртегі тотығының концентрациясы туралы хабарлаған соң, үй иесі ауданның ТЖ бөлімінің қызметкерлерін шақырған.

Жедел топ тұрғын үйді зерттеп, пеш мұржасының ақаулығының себебін анықтап, жойды.

Бұл сенсор көпбалалы отбасына жылыту маусымына дейін орнатылған болатын.

Жылыту кезеңі басталғаннан бері Ақмола облысында көміртегі тотығы концентрациясын ерте анықтайтын 1 738 дербес датчик орнатылған.

 

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі