Абай облысының Көкпекті ауданында Байбура асуындағы жағдайға мониторинг жасалды

Абай облысының Көкпекті ауданында Байбура асуындағы жағдайға мониторинг жасалды

Бүгін, өткен тәулікте құтқару операциясы жүргізілген Көкпекті ауданында Байбура асуындағы жағдайға мониторинг жүргізу, сондай-ақ қар құрсауында қалған автомобильдерді жылыту үшін жылу генераторларын жеткізу мақсатында Абай облысы әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков пен Абай облысы ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағымен шықты.

Сағат 17.00-дегі жағдай бойынша облыстың автомобиль жолдарында автокөлік кептелісі жоқ.

Қазіргі уақытта автомобильдерді жылыту және оларды елді мекендерге тасымалдау жұмыстары жүргізілуде.

Нақтыланған мәліметтер бойынша 27 жеңіл және 7 жүк көлігі өз бағытымен кетті.

Бұл учаскеде барлығы 78 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеуде.

Жуырда құтқарылған барлық адамдар жергілікті атқарушы органдармен тұрғылықты жерлеріне жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 16 ақпанында Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 126 көлік, оның ішінде 90 жеңіл, 35 жүк және 1 автобус қар құрсауында қалған болатын.

 

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі