
2024 жылғы Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешенінің шаңғы базасында қар көшкінін жоспарлы профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. Теңіз деңгейінен 2664 м биіктікте «Ақбұлақ»базасының көшкін жиналған жерлерінде ГАЗЕКС құрылғысының көмегімен 5 жарылыс жүргізілді. Жалпы көлемі: 380 текше метрді құрайды.
Алдын алу жұмыстарына ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының Алматы облысы ТЖ, , «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешеннің қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылды.
Демалушыларға таулы жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы брошюралар таратылды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі