Жоғары дәрежелі өрт: өрт сөндірушілер «Ильнарус» қонақ үй кешенін, 5 автокөлік пен көрші қоймалардың ТМҚ-ды өрттен қорғап алып алды

Жоғары дәрежелі  өрт:  өрт сөндірушілер «Ильнарус» қонақ үй кешенін, 5 автокөлік пен көрші қоймалардың ТМҚ-ды өрттен қорғап алып алды

2024 жылғы 17 ақпанда сағат 10:40-та Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Жетісу ауданында «Көкмайса» 27а шағын ауданына жоғары дәрежедегі шақырту  бойынша жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері 4 минутта жеткен сәтте, ашық жалынмен жалпы аумағы 2 300 шаршы метр шарпыған  қойманың жанып жатқанын анықтады.

Өрттің таралу жақын орналасқан  Алғашқы минуттардан бастап жедел жағдай қала бойынша түтін мен өртті анықтайтын бейнекамералар арқылы ТЖД бақылауында болды. 

Оқиға орнында жедел штаб орналастырылып, өртті сөндірудің 4 учаскесі құрылды, қойманы сөндіруге және объектілерді қорғауға, сондай-ақ көп мақсатты өрт сөндіру автомобилінен түтін концентрациясын төмендету үшін температуралық белсендірілген су-тамшы түрінде еңгізетін  "ТАВ" оқпаны қосымша енгізілді. Өрт сөндірушілерге кедергілерді тұрақта тұрған жеке автотехникатуындатты, сонымен бірге келген өзара іс-қимыл қызметтері нысанды электржелілерінен ажыратты.

Өрт сөндірушілер қауіпсіздік техникасын сақтай отырып жұмыс жасады. Өрт орнында аэрозольді газ баллондары, лак-бояу құралдарының жарылу жарылып, конструкциялар құлау қаупі болды. Нысаннан 7 газ баллондар эвакуацияланды: 5 газ баллон - 50 литр, 2 газ баллон- 25 литр.

Өрт сағат 12:28-де оқшауланып, 14: 58-де  жойылды.

Қабылданған жедел шаралармен  "Ильнарус" қонақ үйімен кафесіне  автокөлік жуатын кешені , сондай- ақ кәсіпкерлердің тауарлық-материалдық құндылықтары бар көрші қоймаларға , 5 автомобильге, сондай-ақ трансформаторлық станцияға өрттің таралуына  жол берілмеді.

 Өрт орнында ТЖД жеке құрамынан 120-дан астам адам, 32 бірлік техника, сондай-ақ «Алматы су» кұштері мен құралдары жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда. Оқиға орнында ТЖД  анықтаушылары жұмыс істеуде.