17 ақпанда түнде Марқакөл ауданында адамдар жеңіл автокөліктермен жолға шығып, "Қарашілік"ауылының маңында қалың қарға тұрып қалған. Жолаушыларға көмекке ШҚО ТЖД №31 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келді, олар арнайы техникамен 11 адамды эвакуациялап, елді мекенге дейін алып келді, ішінде 7 бала болған.
Жүргізуші-Марқакөл ауылының 31-ӨСБ қызметкері азаматтық қорғау аға сержанты Ілияс Нұрмұханбетов көлік жүргізіп, ауа райының қолайсыздығымен күресіп, құтқару операциясына және азаматтарды алып жүруге қатысты.
Жергілікті атқарушы органдар жолды қардан тазалады.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі