Абай облысы Көкпекті ауданында жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы ақпарат

Абай облысы Көкпекті ауданында жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы ақпарат

Абай облысы Көкпекті ауданында жүргізіліп жатқан авариялық-құтқару жұмыстары туралы ақпарат

Тартылған күштер мен құралдар адамдарды құтқару жұмыстарын жалғастыруда.

Барлығы 305 адам, оның ішінде 19 бала құтқарылды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖ, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, жергілікті атқарушы органдардың 47 бірлік техникасы, 124 қызметкері, 2 бірлік тікұшағы, 12 маманы және Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылды.

Жедел штабтар жұмыс істеуде.

ТЖМ психологтарын тарта отырып, "Жедел желі" телефоны жұмысын жалғастыруда. Барлығы 600-ге жуық қоңырау түсті.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысы ТЖД жедел желісінің телефон нөмірі: 8-72-22-35-38-31.

Жергілікті атқарушы органдар ыстық тамақ ұйымдастырды.

 

 

ҚР ТЖМ жедел штабы