«Құтқарушылар» құрамасы «Жайдарман» ойындарында

«Құтқарушылар» құрамасы «Жайдарман» ойындарында

Қазір көрермендер үшін әзіл форматында көптеген телебағдарламалар мен арнайы жобалар бар.

Әзіл аралас өмірде кездесетін көптеген мәселелермен араласқан елдегі жалғыз жоба - республикалық "Жайдарман" ойындары. "Жайдарман" тарихында өз ізін қалдырып, ойындарға көптеген командалар қатысады. Біз мақтан тұтатын командалардың бірі-Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің атынан қатысатын «Құтқарушылар» құрамасы.

Қазақстан Республикасы ТЖМ "Құтқарушылар" құрамасы қызметтің имиджін арттыру, азаматтық қорғау органдарының қызметін кеңінен таныту, көрерменге астарлы ойды әзіл арқылы халыққа жеткізу мақсатында 2020 жылдың қаңтар айында құрылды.

2024 жылдың ақпан айында Астана қаласында «Саналы маусым-2024» жайдарман фестивалі өтті. Маусымашар ойынына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 250-ден астам команда қатысты. Сонымен қатар ТМД көрші елдері, Өзбекстан мемлекетінің командаларыда қатысуға ниет білдірді. Тартысқа толы ойында «Құтқарушылар» құрамасы сәтті өнер көрсетіп, наурыз айында Астана қаласында өтетін республикалық «Ұлттық лига» телевизиялық ойындарына жолдама алды.

Еске салайық, "Құтқарушылар" командасы – республикалық жайдарман тарихындағы азаматтық қорғау органдарының бірінші командасы болып табылады.

Айта кетейік, Жайдарман ойындары Қазақстан Республикалық телеарналарында көрсетіледі.

 

Атырау облысы ТЖД