ШҚО-дағы құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

ШҚО-дағы құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жүкті әйелді ауруханаға жеткізді

Тәртіп сақшылары мен құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді.

ТЖ қызметіне пациентті медициналық мекемеге жеткізу үшін Серебрянск қаласынан Жаңа Бұқтырма кентіне жедел жәрдеммен бірге ілесіп  жүруге көмек көрсету туралы дәрігерлер хабарласты.

ТЖД жол талғамайтын автокөлікпен  жедел жәрдем дәрігерлерінің бригадасының жолдағы қауіпсіздігін камтамасыз ете отырып, пациентке дейін жеткізді, сырқатты қарап шыққан соң Серебрянск қаласының емдеу мекемесіне тасымалдау туралы шешім қабылдады.

Жол қызметтерінің арнайы техникасымен жол сала   отырып, құтқарушылар мен полицея қызметкерлері болашақ ананы жедел түрде медициналық мекеменің есігіне дейін алып барды.

ШҚО ТЖД және полиция қызметкерлері азаматтардан түсіністікпен қарауды, ескертулерге немқұрайды карамауға - елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды сұрайды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.