
Шығыс Қазақстанда «Өскемен-Горная Ульбинка-Северное» автожолының ауданында жауын - шашын көп түсуі мен желдің қатты үрлеуі кезінде беткейлерде 70-тен 140 см-ге дейін қар жиналды, «Қазселденқорғау»филиалының мамандары қар көшкінін профилактикалық түсірді, нәтижесінде 33700 текше метр қар түсірілді. Қыс мезгілінің басынан бастап өңірде 106600 текше метр қар түсірілді.
«Өңірде 400-ден астам қар көшкінінің шоғырлану орындарының саны көп болғандықтан, алдын алу жұмыстарын жүргізу ұзақ уақытты алады. Түсірулер қауіпті учаскелерде ұйымдастырылады, алайда тұрғындар біздің мамандар мен құтқарушылардың ескертулерін назардан тыс қалдырмауы керек», - деп «Қазселденқорғау» филиалының басшысы Советбек Станбеков атап өтті.
ТЖД мен «Қазселденқорғау» филиалы тауларда тұрақсыз ауа температурасы, жел және қатты жауын-шашын кезінде болу қауіпті екенін еске салады. Егер құтқарушылардың көмегі қажет болса, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, дауылды ескертулер туралы «Дармен» мобильді қосымшасынан біле аласыз.