
Су тасқынына қарсы іс-шаралар айлығын өткізу шеңберінде Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері Ұлытау облысының «Бірлік» ресурстық орталығының еріктілерімен бірігіп, су тасқының алдын алу мақсатында әлеуметтік осал тобының және жалғызбасты қарт тұрғындарының үй ауласын қардан тазалап беру жұмыстары жүргізілді.
Тұрғындарға су тасқынына қарсы орындауға міндетті шаралар түсіндіріліп, арнайы жадынамалар таратылды. Аталған іс-шараға барлығы 39 тұрғын үй мен 83 адам қамтылды.
Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері іс-шара қатысушыларымен бірге аулалық аралау жұмыстары барысында жеке тұрғын үйлерде өрттің алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар да қамтылды. Тұрғындарға пешпен жылыту, тоқ көздерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша кеңестер берілді.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі