
14 ақпанда сағат 13.28-де Теміртау қаласының блокпост ауданында Қарағанды облысы ТЖ департаментінің күшімен кафенің жол бойындағы кемпингіне дейін автожолдың жабық учаскесінен алты жеңіл автокөліктен 20 адамды эвакуациялауға көмек көрсетілді.
Құтқару жұмыстарына Қарағанды облысының № 23 өрт сөндіру бөлімінің құтқарушылары, атап айтқанда Әлімғазиев Бекболат пен Свидан Павел қатысты.
Қарағанды облысының аумағында дауылды ескерту жалғасуда.
Осыған байланысты:
автожолдардағы қозғалыстың жабылуы немесе шектелуі туралы ақпаратты қадағалаңыз;
ауа райы нашарлаған жағдайда елді мекендерден тыс жерлерге шықпаңыз;
жабылу орындарында автожолдарда көлік құралдарының жиналуын жасамаңыздар!
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі