
2024 жылдың басынан улы газбен уланудан 6 адам қаза болды және 11 адам жарақат алды. Оқиғалар пеш жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауынан орын алды, бірақ оқиғалар өртке себеп болған жоқ.
Ең басты қауіп – улы газ көзге көрінбейді және сезілмейді, оның түсі де иісі де жоқ. Газбен уланған адам неден ауырғаның білмейді. Сондықтан, адам шаршау, әлсіздік және бас айналуын сезіп, таза ауаға шығудың орнына үйде жатып қалып қателік жасайды.
ТЖМ ескертеді! Улы газбен улану қауіпін азайту үшін келесі ережелерді сақтау жеткілікті:
- пештер мен каминдерді ережелерге сәйкес пайдалану;
- мұржаларды уақытылы тазарту және желдеткіш жүйесінің жұмысын жүйелі түрде тексеру;
-пештер мен каминдерді орнату мен жөндеуді мамандарға тапсыру.
Улану оқиғаларын алдын алу ісінде улы газдың датчиктері жақсы көмекші болып келеді. Бөлмеде улы газ пайда болған жағдайда құрылғы тұрғындарды дыбыс сигналдарымен ескертеді. Бұл уақытылы әрекет етіп, газдың пайда болу себебін жоюға көмектеседі.
Өтіп жатқан жылыту маусымына дайындық шеңберінде ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқару органдарымен және волонтерлермен бірігіп, әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 35 мыңнан астам газ датчиктері орнатылды.
Датчиктердің қосылуы ағымдағы жылыту маусымында 5 адамның өмірін сақтап қалды. Былтырғы маусымда датчиктер 24 адамды құтқарды.
Профилактикалық іс-шаралар жалғасуда.
ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті