
Жергілікті атқарушы органдармен және студенттер қатарындағы еріктілермен бірге Түркістан облысыТЖД бөлімшелерінің жеке құрамы ауыл тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Департамент қызметкерлері акцияның қатысушыларымен бірге жеке тұрғын үйлерге барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, жаднамалар таратып, тұрғындарға пешпен жылыту, электр жабдықтарын, электр емес жарықтандыру аспаптарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша кеңес берді. Үй иелері мен олардың отбасы мүшелеріне өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу және олардың салдары туралы мысалдар келтірілді.
Рейд барысында 320 адамды қамтитын 95 үйді аралады. Тұрғындарға газбен жылытылатын жылыту қазандықтары мен қондырғыларды пайдалану кезінде газдан уланудың алдын алу қауіпсіздігі түсіндірілді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша 600 дана жадынама таратылды.
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі