
«Құтқарушылар аллеясында» Қызықты және оқушыларға пайдалы іс-шара өткізілді, онда Алмалы ауданының ТЖ басқармасы аудан әкімі Айдар Жақыбаевтың қолдауымен ауданның 29 жалпы білім беретін мектебінің 120 орта және жоғары сынып оқушылары үшін жер сілкінісі сейсмосимуляторымен кезекті практикалық түрде сейсможаттығу өткізілді.
Lider.kz және Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілерімен «Жер сілкінісі кезіндегі әрекет алгоритмі» іс жүзінде пысықталды. Іс-шара барысында қатысушылар жылжымалы жер сілкінісі симуляторына мініп, платформалық жер сілкінісін құрылғысы 6-7 баллға тербелісін сезуге мүмкіндік берді.
Құтқарушылар мен еріктілер шындыққа жанаспайтын іс-ерекеттерді жоққа шығарды Жер сілкінісі кезінде қайда жасырыну керектігі туралы таралатын мифтерді жойды. Сонымен, құрылыс ережелерінің өзгерістерін ескере отырып, мамандар есіктер ойғына, партаның жеңіл үстелдердің астында жасырынуды ұсынбайды. Егер үстел мықты, массивті болса ғана және опырылып құлайтын құрылымдардың ауырлығын көтере алса алса ғана. Сонымен қатар пәтерде негізгі қабырғалары, тірек құрылымдары және адам өмірін сақтап қалатын «Өмір үш бұрыштарын» алдын ала анықтау қажеттілігін жеткізді.
Сондай-ақ, Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару апаттар ММ қызметкерлерімен палатка құрып, онда әкімдік қызметкерлері оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастырды.
Аудан әкімі практикалық жаттығулардың арқасында табиғи құбылыс таңқалдырмайтынын, мұндай жаттығулар өскелең ұрпақтың жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты көзқарасына, тұрақты практикалық дағдылар мен төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау қабілетіне ықпал ететінін атап өтті.
Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі