
14 ақпан сағат 05.43 Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Қарағанды-Сортировочная станциясы мен Көкпекті ауылы арасындағы жолда қар құрсауында қалып қойған жедел жәрдем көлігін құтқаруға көмек көрсету қажеттігі туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына жеткеннен кейін жедел жәрдем көлігі қар құрсауынан тазартылған аумаққа сүйретіліп, жедел жәрдем қызметкерлері Вахтовка техникасымен, Солонички ауылына шақырту орнына жеткізілді. Дәрігерлер науқасқа дер кезінде көмек көрсетіп, Төтенше жағдайлар департаментінің арнайы көлігімен жедел жәрдем қызметкерлері мен науқас Қарағанды-Сортировочная станциясының ауруханасына жеткізілді.
Авариялық-құтқару жұмыстарына Қарағанды қаласының №8 ӨСБ қызметкерлері Александр Хоменко, Асқар Дулатұлы және №12 ӨСБ қызметкерлері Асхат Тугамбаев, Азамат Тлеубаев, Нұрай Сұлтан, Байжұма Тлеуқұлов, Акан Анваров, Алшын Армиев қатысты.
Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі