
13 ақпанда Катонқарағай ауданының таулы жерлерде орналасқан демалыс базасы ауданында, балалармен демалушылар құтқарушылардан көмек сұрады. Жолдың болмауына байланысты, олар өз бетінше үйлеріне қайта алмады.
Жоғары өтімді техникамен келген ШҚО ТЖД құтқарушылары орынға жетіп, жолдың қиын учаскелерін, «Шерп» арнайы техникасымен адамдарды, өздері тұратын Өскемен қаласына дейін аман-есен жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет емес болды.
ШҚО ТЖД, азаматтардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Дауылды ескерту жарияланған кезде, елді мекендерден тыс жерлерге шықпау керек. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі