Орманшыларды табиғи өрттерге бірлесіп әрекет ету шараларына оқытылуда

Орманшыларды табиғи өрттерге бірлесіп әрекет ету шараларына оқытылуда

Төтенше жағдайлар министрлігі мен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен бұйрығы аясында 15 қаңтардан бастап орманшылар мен қоршаған ортаны қорғау бөлімшелерінің жұмысшыларын оқытуы басталды.

Оқу Астана, Алматы, Ақтөбе, Көкшетау, Шымкент, Өскемен қалаларындағы ТЖМ М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтарында жүргізіледі.

Сабақтар оқушылардың санатын ескере отырып жүргізіледі. Сабақтар 20 наурызға дейін жалғасады.

Бүгін ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов оқытудағы қызметкерлермен кездесті. Табиғи өрттерге бірлесіп әрекет етуді жақсарту, орман шаруашылықтарында өртті ерте анықтау жүйесін жүзеге асыру, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен орманшылар арасындағы біртұтас байланыс арналарын құру мәселелері талқыланды. Орманшылар сатып алатын техника мен жабдықтар, қолданылатын жерге бейімделген болуы керек екені ерекше айтылды.

«Соңғы жылдары жазда жауын-шашын аз болды, бұл табиғи өрттердің пайда болуына және қарқынды дамуына ықпал етеді. Тек бірлескен күш-жігер арқылы біз табиғи апаттарға қарсы тұра аламыз», - деп атап өтті Рамиль Камалов.

Орманды қорғау және орман өрттерін жою жүйесін жетілдіру мақсатында, ТЖМ Экология және табиғи ресурстар министрлігінің бірлескен бұйрығымен мемлекеттік орман  қорғау органдарының қызметкерлерін ұйымдастыру және оқыту қағидалары бекітілген.

 

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті