Алматыда сейсмотренингтер өткізілуде

Алматыда сейсмотренингтер өткізілуде

ҚР ТЖМ «Азаматтық қорғау саласындағы ұлттық ғылыми зерттеулер, даярлау және оқыту орталығы» АҚ өскелең ұрпақтың білімін насихаттау және төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі құтқару тәсілдерін оқыту мақсатында Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігі ұйымдастырған сейсмотренингке қатысты.

Аталған іс-шара Алматы қ. Алмалы ауданының 23 жалпы білім беру нысандарының оқушылары мен оқытушыларының және «Лидер» еріктілер ұйымының мүшелерінің қатысуымен өтті.

Қатысушыларға ұлттық орталықтың жер сілкінісі симуляторының мобильді платформасында имитация жүргізе отырып, жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдардың дұрыс реттілігі түсіндірілді және арнайы қысқаша нұсқаулар берілді.

Жер сілкінісінің шындығына тәнті болған оқушылар мұндай практикалық сабақтар олар үшін өте өзекті және пайдалы екенін атап өтті. Балалар жасаған ең маңызды қорытынды: дүрбелеңге түспеу мен нақты әрекеттер жасау, сондықтан төтенше жағдайда қауіпсіздік ережелерін білу маңызды рөл атқаруы мүмкін. Мұндай іс-шаралардың маңыздылығы білім беру мекемелері арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдайларда іс-қимылға дайындықты қамтамасыз ету болып табылады.