Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!

Төлеби ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен, Төлеби ауданы Нысанбек елді мекенінде орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында білім алып жатқан еліміздің түпкір-түпкірінен жиналған балаларға және қызметкерлерге «Өрт қауіпсіздігін сақтау және жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік» ережелері  тақырыптарында семинар сабақ ұйымдастырды.

Жиын барысында жоғарыда көрсетілген тақырыптар бойынша өрттің алдын алу, орын алған жағдайды тиісті органдарға хабарлау, және өрт сөндіру қызметі келгенге дейінгі іс-қимылдар сонымен қатар өрттен зардап шеккенге алғашқы медециналық көмек көрсету, жер сілкінісі кезінде ғимараттың қауіпсіз орындары мен адамдарды қауіпсіз жерге эвакуациялау бойынша түсіндіріліп іс жүзінде практикалық сабақ жүргізді. 

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі