
Бүгін Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев Марат Зиядинді «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапаттады.
Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Марат Зиядин Қылшақты өзенінде баланы құтқарып, ерлік көрсеткен. Біздің кейіпкеріміз мұз астына түсіп кеткен баланы көріп, дереу оған қарай жүгіріп барып, оны мұз бетіне шығарған. Марат балаға өз сыртқы киімін кигізіп үйіне дейін жеткізген болатын.
«Мұндай әрекеттер назардан тыс қалмауы керек. Ел өз батырларын білуі керек. Мен қаламыздың батырын марапаттау мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын», - деп атап өтті Ақмола облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Қанат Доспаев.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі