Мәжілістегі Үкімет сағатында орман өртінің алдын алу мәселесі талқыланды

Мәжілістегі Үкімет сағатында орман өртінің алдын алу мәселесі талқыланды

Бүгін Мәжілісте орман өрттерінің алдын алу және оған қарсы күрес тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Мәжіліс вице-спикері Альберт Рау жетекшілік еткен жиында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауырждан Сыздықов орман өрттерінің алдын алу және оған қарсы күрес туралы баяндады.

Жыл сайын өрт қауіпті кезеңде мыңға жуық орман және дала өрттері, халыққа, мүлікке және табиғатқа қауіп төндіретін төрт мыңға жуық табиғи жану оқиғалары тіркеледі. Еліміз тек өткен жазда 116 мың гектардан астам орманнан айырылды, ал шығын 163 млрд.теңгеден асты.

Соңғы бес жылдағы статистика көрсеткендей, орман өрттерінің саны өсуде.

Экология министрлігімен бірлесіп, «Төтенше жағдайларға (табиғи өрттерге) ден қою кезіндегі алгоритм» әзірленіп, онда  мүдделі мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарын тартудың егжей-тегжейлі тетігі көзделді. Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерін оқытуды ұйымдастыру қағидалары бекітілді. Азаматтық қорғау академиясының оқу орталықтарында 1 300-ден астам қызметкер оқытылды. Экология министрлігімен өзара іс-қимылды нығайту шеңберінде Орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.

Сонымен қатар, табиғи өрттерді авиациялық сөндіруді ұйымдастыру үшін Су төгетін құрылғылары бар тікұшақтарды жұмылдыру тәртібі бекітілді. Аэровизуалды барлау және өрт сөндіру құралдарын іске қосудың оңтайлы орындарын анықтау және өрттің даму бағыттарын болжау үшін пилотсыз авиация сатып алу бойынша жұмыс жүргіземіз. Қазір ТЖМ қызметінде тікұшақ үлгісіндегі 120 дрон бар, олардың жартысынан көбі өткен жылы сатып алынған.

Орман өрттерінің алдын алудың негізгі әдістерінің бірі оның таралуын шектеу, яғни өрт қауіпті кезең басталғанға дейін минералданған жолақтарды алдын ала салу болып табылады.

Өткен жылдың өрт қауіпті кезеңінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 1 210 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Өткен жылы, тек 5-28 шілде аралығында температура кейбір күндері 44 градусқа жетіп, 300-ден астам өрттің шығуына әкеп соқтырды, көпшілігі «Семей» және «Ертіс орманы» аумағында болды.

Сондықтан табиғи өрттердің шығу және таралу мүмкіндігінің артуына байланысты минералды жолақтарды жаңартуды алдын-ала қарастыру және орман алқаптарын белсенді түрде патрульдеу қажет.

Қазір ұшқышсыз ұшу аппараттарынан басқа өрт сөндірудің жаңа технологияларын енгізу, роботтандырылған және басқа да инновациялық техниканы дамыту, орман алқабына жедел ден қою және патрульдеу үшін мобильді жоғары өтімді техниканы сатып алу қажет.

Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады.