Сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат

Сейсмикалық жағдай бойынша жедел ақпарат

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылдың 10 ақпанында сағат 14.24-те жер сілкінісі тіркелді.

Эпиорталығы Алматы қаласынан шығысқа қарай 1023 км жерде Ресей аумағында (Алтай Республикасы, таулы жер, Қазақстан шекарасынан 30 км жерде) орналасқан.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер (МSК -64 шкаласы бойынша): Риддер қ. 2 балл.

Жағдай тұрақты.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат болған жоқ.

ТЖМ бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп коммуналдық және гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне тексеру жүргізуде.

ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді.