ТЖ министрі «Көктем-2024» РКШОЖ шеңберінде облыстық ТЖ комиссиясының отырысына қатысты

ТЖ министрі «Көктем-2024» РКШОЖ шеңберінде облыстық ТЖ комиссиясының отырысына қатысты

10 ақпанда Ақмола облысының Аршалы ауданында Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыс "Көктем-2024" РКШОЖ шеңберінде Төтенше жағдайлар, Су ресурстары және ирригация министрлерінің, Астана қаласы мен Ақмола облысы әкімдерінің, Есіл бассейндік инспекциясы мен "Қазсушар" РМК басшыларының, Аршалы және Целиноград аудандары әкімдіктерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара шеңберінде шұғыл ден қою жасағы қаралды, су тасқынына қарсы практикалық іс-шаралар өткізіліп, су тасқынына қарсы барлық учаскелер араланды.

Аудан аумағында көктемгі кезіндегі су тасқыны қаупіне бейім 9 елді мекен бар болғандықтан төтенше жағдайдың туындау қаупі бар.

Жаттығудың практикалық бөлігінің сценарийі бойынша, су басу қаупі салдарынан халық дабыл сиренасы арқылы құлақтандырылды.

Инертті материалдар жедел дайындалып, қаптар төселді. Халық пен үй жануарларын эвакуациялау жүргізілді.

Аулаларды аралау және қап төсеу үшін еріктілер тартылды. Құтқарушылар жүзу құралдарының көмегімен су басу аймақтарынан өткел жасады. Қар шығару және еріген суды өнімділігі жоғары мотопомпалармен айдау жүргізілді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі