Жолдардағы авариялық-құтқару жұмыстары

Жолдардағы авариялық-құтқару жұмыстары

Өткен тәулікте 2024 жылғы 8 ақпанда Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері Бұқар Жырау ауданында авариялық-құтқару жұмыстары барысында "Қарағанды - Теміртау" автожолының учаскесінде ТЖД күштерімен автожолдардың жабылу бекетінде жиналған көлік құралдарынан 178 адам эвакуацияланды оның ішінде 12 бала, Теміртау қаласына жеткізілді, медициналық көмек қажет болмады.

Сондай-ақ Теміртау қаласы, "Теміртау-Нұра" автожолының учаскесі, Теміртау қаласынан 5 шақырым жерде, "Toyota" маркалық техникалық ақаулы автокөлігінен Теміртау қаласына 5 адам эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болмады.

Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындарына қатаң ұсынылады:

- Елді мекендерден тыс жерлерге көлікпен және жаяу шығуды шектеңіздер!

- Жабылу орындарында көлікпен жиналмаңыздар!

- Жол бойындағы объектілерде және елді мекендерде ауа-райының қалыптасуын күтіңіздер! - Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіздер!

- Көшеде болған кезде ғимараттар мен құрылыстардан, биік бағаналардан, ағаштардан, билбордтардан және электр сымдарынан алыс жүріңіздер!

- Төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшаларынан, теледидар, радио және әлеуметтік желілерден ауа-райы туралы ақпаратты қадағалаңыздар! Барлық оқиғалар бойынша 112, 43-36-36,43-37-37.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі