Жаңаарқа ауданындағы құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Жаңаарқа ауданындағы құтқару жұмыстары сәтті аяқталды

Ауа райының күт нашарлауынан 07 ақпан күні күндіз Gx470 автокөлігімен айналма жолмен Қосшы кентінен Астана қаласына жолға шығып, хабарсыз кеткен 4 адамды (1974 ж.т., 1977 ж.т., 1978 ж. т., 1988 ж. т.) іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді.

08 ақпан күні сағат 11:49-дан бастап Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, ТЖД, ПД қызметкерлерімен  7 адам, 1 бірлік техника іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді.

08 ақпан күні сағат 15:00-де хабарсыз жоғалып кеткендер Жаңаарқа кентінен 100 км қашықтықта табылды.

Жоғалған адамдардың автокөліктері қар құрсауында қалғандықтан, ТЖД күштерімен көлікті қар құрсуынан тазарту арқылы  Жаңаарқа кентіне жеткізілді.

Оқиға орнында ешкім зардап шеккен жоқ және медициналық көмек қажет етпеді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда құтқару қызметінің тәулік бойғы бірыңғай «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.