
Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауы бойынша авариялық құтқару жұмыстарына ТЖД, полиция бөлімі, әскери бөлімдер және жергілікті атқарушы органдар, еріктілер жұмылдырылды. Бейнероликте Мұғалжар ауданының құтқарушылары.
Олар 18 шақырым бойы трэкол жол талғамайтын көліктің алдына шығып жол көрсеткен болатын.Құтқарушылардың бірі қарауыл бастығы-Ақдәулет Әлидің айтуы бойынша: «Қандыағаш қаласындағы бөлімге Еңбек ауылдық округі, Басшилі елді мекенінде 73 жастағы әйел адамның ауыр халде жатқаны туралы хабарлама түсті. Оны аудандық ауруханаға жеткізу керек болды. Трэколмен шықтық. Ауа райының қолайсыздығынан көлік алдына екі адамнан кезектесіп шығып, жүгіріп отыруға тура келді. Өйткені, қарға адым жерді көру мүмкін емес еді. Мұндай жағдайлар болып тұрады. Ерлік жасадық деп айта алмаймын. Бұл біздің міндетіміз». Құтқарушылар науқасты аурухана жеткізді.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы