
Алматы қаласы, Алматы облысы ТЖД басшылығы және Қазселденқорғау басшылығы қар көшкіні қаупі бар учаскелердің, мұздақ-мұздықтарына аэровизуалды тексеру жүргізді.
2024 жылғы 6 ақпанда Алматы қаласы, Алматы облысы және Қазселденқорғау ТЖД басшылығы мұздақ-мұздық кешендерінің, көшкін қаупі бар учаскелердің жай-күйіне, сел қаупі бар арналардың жай-күйіне және неғұрлым ірі көшкін қаупі бар учаскелерге аэровизуалды тексеру- шолу жүргізді.
Аэровизуалды зерттеу Ұзынқарғалы өзен алқабынан Түрген өзенінің алқабына дейінгі аумақтарды қамтыды. Сарапшылар өзен бассейндеріндегі қар жамылғысы беткейлердегі тұрақсыз болуы (рельефі мен экспозициясына, өзен бассейндерінің ауданына және жел режиміне байланысты біркелкі бөлінбегенін) атап өтті
Қазіргі мореналардағы қар жамылғысының биіктігі 20 см-ден 150 см-ге дейін құрады.
Өзен бассейндерінің биік таулы бөлігінде қар көшкіні, оның ішінде жаңа жауған қардан, әсіресе Қаскелең, Ақсай, Үлкен Алматы, Талғар өзендері бассейндерінің биік таулы аймағында қар көшкіндердің түсуі байқалады. Қар көшкінінің максималды көлемі бірнеше ондаған мың текше метрге жетіп, орташа есеппен бірнеше мыңға дейін түсті.
Яғни, биік тауларда көшкін қаупі сақталуда.
ТЖД мен Қазселденқорғау алматылықтарға, туристерге және мегаполис қонақтарына алдағы күндері тауға шығудан бас тартуға кеңес береді.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі