
Ақтөбе облысында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізу шеңберінде мектеп парламенттерінің ТЖ министрлерімен «Әр уақыттың өз батырлары бар» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу барысында мектеп парламенттерінің ТЖ министрлері қызметкерлермен өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың еңбек күндері, кәсіптің ерекшелігі, қызмет атқару тәртібі, өрттер мен төтенше жағдайлардың туындау себептері, өрт сөндірушілер еңбегінің маңыздылығы, сондай-ақ өрт болған жағдайда адамдар мен балаларды құтқарудың жағдайлары туралы айтылды.
Капитан Игімбай Қ.Н. өрттен құтқару тек өрт сөндірушілер ғана емес, әркім батыр бола алатындығын атап өтті ең бастысы - уақытында көмек қолын созып, адамды қиындыққа қалдырмау.
Кездесу соңында өкілдер Қазақстан Республикасы ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясында құтқарушы мамандығын алуға болатынын атап өтті, бітірген түлектері ержүрек және батыл құтқарушылар қатарына қосыла отырып, азаматтық қорғау жүйесінде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.
Кездесуге Ақтөбе қаласы мектептерінің 30 оқушысы офлайн форматта және облыстың қалалық және аудандық мектептерінің 300-ден астам оқушысы онлайн форматта қатысты.
Ақтөбе облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы