
Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлытау облысының әдістемелік орталығымен білім алушылардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру жөніндегі бірлескен жоспарға сәйкес, мектеп парламентінің Төтенше жағдайлар министрлерімен кездесу өткізілді.
Бұл кездесудің мақсаты білім алушылардың қауіпсіздігі мәдениетінің базалық деңгейін қалыптастыру болып табылады.
Кездесу барысында әртүрлі ТЖ кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша көрсетілім сабақтары, сондай-ақ өрт техникасы, өрт-техникалық қару-жарақ және сүңгуірлік жабдықтар таныстырылды.
Және кездесуден кейін, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатында сейсмикалық жаттығу өткізілді.
Алдағы уақытта қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыс әрі қарай жалғасын табады.
Ұлытау облысы ТЖД баспасөз қызметі